Skip to content

Мектеп әкімшілігі

Мектеп директоры

Жунисов Арап Шаймович 1966 жылы 23 қаңтар Қазақстан Республикасы  Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округі, Байдала ауылында дүниеге келген. Мектепті 1973-1983 жылдар аралығында бітіріп,  1985-1987 жылдары Германия ГСВГ-да әскери борышын өтеп келді.        1987 жылы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1991 жылы аталған иституттың «Денет әрбиесі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша толық курсты бітіріп, «Дене тәрбиесі пәні мұғалімі» деген біліктілік берілген. 1991 жылы С.Қожанов мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі лауазымына тағайындалды.

1991-2002 ж аралығында С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектепте валейболдан балдаркомандасы 7 рет аудан жеңімпазы, облыстық спорт команда қатысушысы, қыздар командасы үш рет, аудан жеңімпазы үш рет, облыстық спортшылар барды. Аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып, 10 жыл көлемінде қызмет атқардым. 2004 жылдың 16 наурызынан бастап Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «С.Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалып қызмет атқардым.

2023 жылдың ақпан айының14 жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Еңбек кодекіснің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 33-бабына және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығының 96-тармағына сәйкес «М.Байзақов атындағы №18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директоры лауазымдық қызметіне 2028 жылдың 14 ақпанын қоса алғанда бес жыл мерзімге тағайындалдым. Қазір жалпы педагогикалық еңбек өтіліме 41жыл, оның ішінде 20 жыл мектеп директоры қызметін атқарып келемін.

2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Амангелдиева Перизат Омарханқызы

2001 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып өз міндетін атқарып келеді.

«№11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Амангелдиева Перизат Омарханқызы 1965 жылы 4 тамызда Сырдария ауданы, Жетісай совхозында дүниеге келген.

       Перизат Омарханқызы М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының математика және физика факультетіне 1983 жылы түсіп 1988 жылы бітірген. Еңбек жолын бұрынғы совхоз Лениннің «К.Д.Ушинский» атындағы  орта мектебінде 1988 жылы қыркүйек айынан бастап, осы жылдың желтоқсан айынан Жетісай совхозындағы Амангелді бөлімшесіндегі «Амангелді» орта мектебінде математика пәнінен сабақ берген.

        Перизат Омарханқызы жанұя жағдайына байланысты «№11 М. Байзақов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне 1996 жылы келгеннен үздіксіз жұмыс атқаруда.

         Перизат Омарханқызы 2001 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып өз міндетін атқарып келеді.

         Бірнеше мектепішілік алғыс хаттармен марапатталған, еңбек кітапшасына жазылған. «Ең үздік оқу ісі меңгеруші – 2009» сайысынан «Тәжірибе және шеберлік» номинациясымен, 2011 жылы математика пәні мұғалімдерінің сайысынан 2 орын иеленген, 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалы төрағасының «Алғыс хатымен», Қазыбек би ауылдық әкімінің «Алғыс хатымен», 2014 жылы Мақтарал аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

        2014 жылдың 3 наурызы мен 6 маусым аралығында Шымкент қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығында» филиалында бірінші (ілгерілі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтап,  сертификатын алған.  Бүгінгі таңда 26 жыл еңбек өтілі бар, 1-ші категориялы ұстаз. 2024 ж Бірінші санаттағы басшының орынбасары біліктілігім бар.

3.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Калибекова Жибек Арипаевна
Туылған күні,айы,жылы: 20.08.1966 ж. Мекен жайы: бұрынғы  Келес ауданы, Ғ.Мұратбаев совхозы, М.Горький бөлімшесі

Бітірген оқу орны: Жетісай педагогикалық училищесі, Шымкент әлеуметтік педагогикалық университеті

Қызметтік тізімі: 1986-1989 ж.аралығында бұрынғы А.С.Пушкин мектебі, 1989-2012 ж. аралығында М.Байзақов атындағы №18  ЖББМ КММ-де бастауыш сынып мұғалімі,
2012 жылдан бері М.Байзақов атындағы №18  ЖББМ КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жетістіктері: 2021 ж. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Үздік педагог» номинациясымен,

2022 ж. Түркістан облысы Жетісай ауданы  адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Құрмет грамотасымен»,

2022ж. Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы «AMANAT» партиясының «Алғыс» хатымен,

2022ж. Түркістан облысы Жетісай ауданының кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен»,

2023ж . Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөлімінің «Алғыс хатымен»,

2024ж . Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөлімінің «Алғыс хатымен»,

2024ж. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік  «Ұстаз борышы» журналының «Құрмет грамотасымен», 

2024ж. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік  «Ұстаз борышы» журналының «I дәрежелі дипломымен» марапатталды.

2023ж.Жетісай ауданы бойынша «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы семинарын өткізді.

2024ж. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік  «Ұстаз борышы» журналына «Білім берудегі  менеджмент» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді,

 2024ж. Облыстық   «Ұстаз жаршысы» газетінде «Білім негізі – бастауышта» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.

2023ж. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ « Бастауыш сынып мұғалімдерінің Математика, Қазақ тілі және Әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» (22.05-02.06.2023ж.) тақырыбы бойынша сертификат,

 2023ж. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»

4.Директордың бейіндік оқыту орынбасары

Мекенбаева Жаудир Амирбековна 1985 жылы қаңтар айының 5-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Киров ауданына қарасты Атамекен ауылдық округінің №2 бөлімшесі Жемісті ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. 2003 – 2007 жылдары күндізгі бөлімде  Алматы қаласы, Абай атындағы ҚҰПУ математика-физика факультетінің, физика-информатика пәні мұғалімі мамандығын алып шықты. 2007 жылы №11 М.Байзақов атындағы орта мектепке физика және информатика пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрдым. Мақтарал ауданы, білім бөлімінің  2014 жылы қыркүйек айының 15 күнгі №671 бұйрық негізінде  директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым. Қазіргі таңда мектепте  директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары және физика пәні мұғалімі болып жұмыс атқарудамын. Физика пәні бойынша педагог-зерттеуші санатындамын, басшылық бойынша екінші біліктілік санаты бар.

Біліктілік курстары: Cambridge English C1,А1,А2,В1,В2 2019 жылы,

«7-9 сынып оқушыларының білім беру нәтижелерінің сапасынарттыру контексінде физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» 2022 жылы, №0612373, АББ «Ыбырай жазулары» 2-орын, №9468, «Білім берудегі менеджмент» 2024 жылы081730, «Педагогтердің цифрлы құзырлылығын дамыту» 2024 №, №0854415,

Жетістігі:  2021 жылы, №205 Облыстық «Инновациялар идеялар жобасы» 3-орын, Жетісай аудандық білім бөлімінен  «Инновациялар идеялар жобасы» 1-орын, 2024 жылы «Өрлеу» АҚ «Үздік пән мұғалімі»  1 – орын, ҚР «Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығы 1-орын, №D1905-0, 2024 жылы Жетісай ауданы білім бөлімінен «Алғыс хат» №1883, «Инновация интеллектуалды алаңда» 2-орын, 2023 жылы, 2 дәрежелі диплом 2024 жылы “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының аудандық кезеңінде №3410.

Директордың тәрбие жұмысының орынбасары

Аблаева Калдыкыз Асиятаевна 1967жылы 15шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы,Жетісай ауданы,Қазыбек би а/ә қарасты,Жамбыл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.Әкесі-Аблаев Асылтай хат тасушы (пошташы)Анасы-Аблаева Орал,егістікте жұмысшы болып істеген.1973-1981жылдар аралығында Жамбыл ауылында сегіз жылдық мектепті бітіріп шыққан.Қазақ тілі,математика пәндерін үздік оқыған.9-10сыныпты көрші ауылға барып,С.М.Киров атындағы мектебінде жалғастырды.Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.1983жылы мектепті бітіре салып,туған ауылы Жамбыл ауылында Ж.Жабаев атындағы сегіз жылдық мектепте аға пионр вожатый болып еңбек жолын бастады.Көптеген жарыстарға барып аудандық,сайыстарға қатысып,алғыс хаттармен марапатталды.Оқушыларға білім мен тәрбиені қатар алып жүріп,өзінің мектептің өркендеуіне орасан зор үлесін қосты.Қай салада болса да,елін жерін сүюді,ата-ананы қадірлеуді,адамгершілікті,үлкенді сыйлауды үйретті.1986 жылы Жетісай педагогикалық училищесіне оқуға түсіп,жұмыс,жұмыс пен оқуды қатар алып жүрген студент,аталған училищені мектепке дейінгі тәрбие мамандығын 1989жылы бітіріп шықты.1989-1991жылдары №2 «Большевик 3»-ке қарасты балабақша тәрбиешісі болып қызмет атқарды.1991жылы «№11 М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жетекші-ұйымдастырушы болып тағайындалды.1998жылы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті Жетісай бөлімшесіне түсіп,2003жылы «Сырдария»университеті «Тарих» мамандығы бойынша оқуды үздік (қызыл дипломмен) бітіріп шықты.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002жылы 14қарашадағы №1168 шешіміне сәйкес «№11 М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.Осы мектепте өмірімнің жартысын арнаған ұстаздық қызмет етіп келе жатқаныма 40,4жыл толады.Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының мемлекеттік мекемесінің 16тамыз 2021жылы №225 н/қ Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттарын бекіту туралы санаттарын бекіту туралы шешіміне сәйкес «Педагог зерттеушіге» өткен. Директордың тәрбие ісінің орынбасары лауазымдағы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021жылғы 11маусымдағы №184 бұйрығымен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттау комиссиясы отырысының 2021жылғы 10маусымдағы хаттамасына (шешіміне)сәйкес білім беру ұйымының басшысы лауазымы «бірінші біліктілік  санатты басшының орынбасары біліктілік санаты берілгені (расталғаны)үшін берілді. Тіркеу нөмірі 101 15шілде 2021жыл

Жетісай ауданының білім бөлімі Диплом III дәрежелі «Біртұтас тәрбие»бағдарламасын жүзеге асыруда «Педагогикалық идеялар»фестивалінің аудандық кезеңінде шығармашылық белсенділігі мен кәсіби шеберлік деңгейін танытқаны үшін мрапатталды. Тіркеу №1531 Жетісай-2024жыл                                      

                                               Алғыс Хат

 Жетісай ауданының білім бөлімі шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және ізденістеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Үздік авторлық бағдарлама»байқауының аудандық кезеңінде шығармашылық белсенділігі мен кәсіби шеберлік деңгейін танытқаны үшін марапатталды. Тіркеу №1106 Жетісай -2024жыл

                                                Мадақтама

Жетісай ауданының білім бөлімі«Білім берудегі жаһандық заманауи талаптар арқылы оқушының бос уақытының тиімділігін арттыру»тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежеде заманауи инновациялық идеялары мен тәжірибесін бөліскені үшін марапатталды. Тіркеу №2398 Жетісай-2024жыл

                                                   Грамота

 Дүниетану,жаратылыстану,география,тарих пәндері бойынша 1-11сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын ұрпақ»зияткерлік олимпиадасына өз оқушыларын белсенді қатыстырып,шығармашылық шыңдалуына жетекшілік еткені үшін тарих пәнінің мұғалімі марапатталады.Тіркеу нөмірі 496157 12.02.2025жыл

Білім саласына қосқан айрықша 2021жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты төсбелгісімен марапатталған.Нұр-Сұлтан қаласы 2021жылы 15 наурыз  Куәлік №186

Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісіімен марапатталған.Нұр-Сұлтан 2021жылы Куәлік №019

2021жылдан Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының мүшелігіне қабылданған.

        6 Директордың тәрбие жұмысының орынбасары

Абдразахов Касымбек Утегенович 1967 жылы қаңтар айының 1-ші жұлдызында Шымкент  облысы, Жетісай  ауданы  Жетісай  совхозының №1 бөлімшесінде дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. 1984  жылы  М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтына түсіп, 1991 жылы жалпы техникалық пәндер және еңбек мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1991-1994 жылдары Киров мектебінде (қазіргі «Түркістан» ) мұғалім болып істедім. 1994-2004 жылдарда Н.Оңдасынов атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым. 2004 жылы 18 қазан айынан бастап қазіргі таңда Мұсабек Байзақов атындағы №18 жалпы білім беретін мектепте 0,5 ставкада директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыс атқарудамын.Үшінші санаттағы басшының орынбасары біліктілігім бар.

Біліктілік курстары: «Білім берудегі менеджмент» 2024 жылы,№045020

  • Әлеуметтік педагог

Бейсенбаева Райлла Пернебековна 1967жылы 22ақпанда Оңтүстік Қазақстан Жетісай ауданында дүниеге келген. 1974 жылы  мектепке барып, орта мектепті 1984 жылы бітіріп шықты. 1984 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ педагогикалық институттың филология факультетіне түсіп, 1988жылы бітіріп шықты. 1988жылы  Амангелді атындағы орта мектепке жұмысқа орналастым. 1992 жылы Жамбыл атындағы орталау мектебіне қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі болып жұмысқа кіріп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің бірлестік жетекшішісі 2011 жыл аралығында болды. 2012 жылдан бастап мектептің әлеуметтік педагогы болды.

                       Жетістігі:2022 жылы АББ «Алғыс хат»№12, 2023 жылы АББ, «Алғыс хат» №8450, 2023 жылы АББ «Алғыс хат» №5020,АББ «Алғыс хат»,Диплом АББ, «Жыл үздіктері – 2024» №3155,АББ «Алғыс хат»№4123.

Біліктілік курс: 2024 ж «Әлеуметтік педагогтің жалпы мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі практикалық қызметі»№310682

Материалдарға  сілтеме: https://school-baizakov.edu.kz/

Педагог-психолог

Өмірбек Айғаным Битұрсынқызы

1979 жылы қыркүйек айының 16-шы жұлдызында Өзбекстан Республикасы, Жыззақ облысында дүниеге келген.Ұлты қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Республикасының азаматшасы.

1996ж Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжіне түсіп,                  1999 ж  қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып щықтым. Шардара ауданындағы «Қазақстан» орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет мұғалімі болып қабылдандым. 15.08.2000ж  отбасы жағдайына байланысты  аталған мектептен жұмыстан шықтым. 01.11.2001ж бастап М.Байзақов орта мектебіне қазақ тілі және әдебиет мұғалімі болып қабылдандым.

01.09.2010ж бастап «№11 М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне педагог-психолог қызметіне тағайындалдым.Осы аталған жылдардан бері мектеп саласында үздіксіз қызмет атқарып келемін. Педагог-психология  бойынша педагог-зерттеуші санатым бар.

Біліктілік курстары:

«Бес терек жобасы аясында» «Аутодеструктивті тәуекел топтарымен психологиялық жұмыс жасау» 29.02.2020 ж,№003212

«Бес терек жобасы аясында» «Когнитивті мінез құлық психотерпамиясының негіздері» 17.10.2023 ж,№005200

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курсын  «Оқушыларға  психологиялық қолдау көрсету»тақырыбы бойынша  2024 жылы № 080307

Түркістан облысы  білім басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер арасында деструктивті ,аутодеструктивті , агрессивті, девиантты  мінез-құлықтың  алдын алу және психологиялық түзету» тақырыбында  2024ж №0166

Жетістігі:

«Рефрейн» тұлғалық дамыту орталығынан «Мадақтама» 28.12.2020ж №1574 Жетісай ауданының адами әлеуетті бөлімінен «Алғыс хат» 2021ж №921 Жетісай ауданының білім бөлімінен «Алғыс хат» 2023ж №9855                                 Жетісай ауданының білім бөлімінен «Алғыс хат» 2024ж №10419                Qaztest.kz қашықтықтан ұйымдастырылған «Үздік психолог» олимпиадасынан  «Құрмет грамотасы»,«Диплом» І дәрежелі 22.05.2024ж                 № Q-299869;  Сертификат  22.05.2024ж   № Q-299758 ;                                                                «Диплом» І дәрежелі, Сертификат   22.05.2024ж   № Q-299874 ;                                                     «ХХІ ғасыр педагогы» №3 2023ж журналына «Жас келсе іске сәт!» тақырыбында тренинг жарық көрді.Сертификат , «Алғыс хатпен» марапатталдым №000286                                                                                                 «Жаңа ұрпақ» №02  2024ж журналына    «Жасөспірімдерді әлеуметтік желіге тәуелділіктің алдын алу» мақаласы баспа бетіне жарияланды. Сертификат, «Диплом» І дәрежелі, «Құрмет грамотасы» №0287                                                            «Ұстаз мұрасы»  №31 2024ж республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналына «Мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік құндылықтарды  қалыптастырудың маңызы мен рөлі» мақаласы жарық көрді. Сертификат, Диплом І дәрежелі №31/72                                                                   Жетісай ауданының білім бөлімінің 27.01.2025ж №296 бұйрығымен ұйымдастырылған «Үздік жыл психологі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталдым.