Skip to content

Мектеп тарихы

           1955 жылы Ұлы Отан соғысының 10-жылдық мерекесінің қарсаңында «Жамбыл» колхозы (Жолдықараев Дүйсенбі) мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сол мәдениет үйінің шағын бөлмелері Аманкелді жалпы орта мектебінің филиалы ретінде бастауыш сыныптары ашылды. Оған Әбиев Зұлхарнай, Қатбаев Сәдуақас, Бердиев Мықтыбек, Жанулиева Зейнеп және тағы басқа мұғалімдер жұмыс істеді. Олар 1956 – 1958 жылдар аралығында Дүйсенбеков Сейсенбек, Мұздахаров Бахарам, Оразбаева Шынар, Нұртанов Әшірбек, Ердесов Лесбай, Сыпатаев Пердебек, Түгелбаев Қасым, Жұмаділлаев Пірман және тағы басқа шәкірттерді тәрбиеледі, олардың арасынан еңбек ардагерлері «Құрмет белгісі» орденінің иелері: Л. Ердесов, Ә. Нұртанов. Шардара ауданының әкімдігінде П. Спатаев және тағы басқа лауазымды жұмыстар атқарды.

          1964 – 1965 оқу жылында «Ленин жолы» колхозы (О. Құлымбетов) орталығынан сегіз жылдық мектеп ашылып соған көшті. Мектеп директоры Керімбеков Бейсенбек ағай болды. Мектепте Құлжанов Шералы, Халменова Қанымпатша, Оразбаев Құлмахан, Дүйсенбиев Қалдыбай, Жалғасбаев Қоныс және тағы басқа да мұғалімдерімен толықтырылды.

Б. Керімбеков ағайдан кейін Қ. Дүйсенбиев, Ш. Құлжанов ағайлар мектеп директоры болып жұмыс атқарды. 1970 жылы мектеп  директоры болып Кенжебеков Жолбарыс, оқу орынбасары Мұсаев Аманбек болды. 1972 – 1973 оқу жылында мектеп финский каркасты жатақханаға көшіріліп, мектеп директоры Әуезов Анарбай ағай болды. Жас мұғалімдер Сырымова Дана, Сапарбаева Ахайша, Түгелбаев Қасым, Нұрғараева Шамсия, Сатыбалдиева Кұләйша Қожақова Райхан апайлармен толықтырылды. 1980 жылы Дүйсенбеков Сейсенбек директор болып жұмыс жасады. Ол кезде мектеп тоғыз жылдық орталау мектеп болды. Тоғыз жылдық мектеп Дүйсенбиева Аққан, Калибекова Жибек, Бейсенбаева Райлла, Әбдісүгірова Нәзира, Ердуанова Райхан апайлармен толықтырылды. Мектеп 1992 – 1993 оқу жылында кірпіштен салынған ғимаратқа көшіріліп мектеп директоры болып Төреқұлов Анарбай, оқу ісі орынбасры болып Түгелбаев Қасым, тәрбие ісі орынбасары болып Аблаева Қалдықыз Асиятаевна жұмыс істеді.

1995 жылы мектеп он бір жылдық жалпы орта мектеп болды. Мұғалімдер мен жалпы педагогтар саны 75 – ке жетті.

1997 – 1998 жылы мектеп директоры болып Ботабеков Палуан ағай тағайындалды. 2001 жылы директордың оқу ісі орынбасары болып  Амангелдиева Перизат Омархановна болды.

2004 жылы қазан айында жарты мөлшерлемеде тәрбие ісі орынбасары болып Абдразақов Қасымбек Утегенович келді.

2002 жылы қыркүйектен жарты мөлшерлемеде Қожақова Райхан бстауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылдың 20 ақпанында мектеп директоры болып Дуйсенбеков Сағит Сарсенбекович келді.

Бейсенбаева Райлла Пернебековна  2012 жылдан бастап мектептің әлеуметтік педагогы болды.

2014 жылдың қыркүйек 15 күні бейіндік орынбасары болып Мекенбаева Жаудир Амирбековна тағайындалды.

2023 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 47 бабына сәйкес (ротациямен) мектеп директоры С. Дуйсенбеков Жетісай қаласындағы Рысқұлов ЖББМ – ке ауысып орнына Жунисов Арап Шаймович Қожанов мектебінен ауысып келіп мектепті басқаруда.