Мектептің миссиясы: Бiлiм беруде оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту, шығармашылық мүмкiндiктерiн кеңейту
Мектептің мақсаты: 1. Өмір талап етіп отырған өлшемдер тұрғысынан көрінгісі келетін ойшыл, мәдениетті, жоғары интеллектуалдық
мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу.
2. Оқушыны өмірге бейімдей отырып білім беру, оқушының ғаламдық ақыл-ой өрісін кеңейту.
3. Педагогикалық процестің шығармашылық активтілігін даму деңгейін жоғарылату, бағалау.
Мектептің міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
2. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру;
3. Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру;
4. Білім беруді басқаруды одан әрі ізгілендіру және демократияландыру;
5. Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал ету;
6.Оқушылардың функционалдық сауттылығын қалыптастыру
7. Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту;
8. Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту.