Түркістан қаласында орналасқан №34 жалпы білім беретін мектеп базасында 8-11 сынып оқушыларының арасында “Ілияс Жансүгіров оқулары”байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылар арасында “Ілияс Жансүгіров” шығармаларын насихаттау , оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау. Аталған байқау ережеде көрсетілгендей 5 номинация бойынша өтті. “Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап”бағыты бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Жолдасбай Нұрымжан Жеңісбекұлы 2-орынға ие болды.
