Skip to content

Мектеп миссиясы

Мектептің миссиясы: Бiлiм беруде оқытудың жаңа  технологияларын қолдана отырып, оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту, шығармашылық мүмкiндiктерiн кеңейту

Мектептің мақсаты: 1. Өмір талап етіп отырған өлшемдер тұрғысынан көрінгісі келетін ойшыл, мәдениетті, жоғары интеллектуалдық

мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу.

2. Оқушыны өмірге бейімдей отырып білім беру, оқушының ғаламдық ақыл-ой өрісін кеңейту.

3. Педагогикалық процестің шығармашылық активтілігін даму деңгейін жоғарылату, бағалау.

      Мектептің міндеттері: 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
 2. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру;
 3. Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру;
 4. Білім беруді басқаруды одан әрі ізгілендіру және демократияландыру;
 5. Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал ету;

6.Оқушылардың функционалдық сауттылығын қалыптастыру
 7. Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту;
 8. Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту.