
2023-2024 оқу жылында ,,Мың бала-2024″ олимпиадасының жүлдегері 6 ,,А” сынып оқушысы Қали Нұрайлым Нұржанқызы

Мақатаев оқулары облыстық кезеңінің ,,Жасынан оқу қуып, өнер қуған” бағыты бойынша жеңімпазы 9 сынып оқушысы Сапархан Назым Бақдәулетқызы

9-10 сынып оқушыларынан құралған Жорабек Бекасыл, 10-сынып оқушылары Қожан Гүлім, Серік Қасиет «Тіл алыптары» тобы биылғы жылы «Ана тілі» олимпиадасына қатысып, 1-кезеңнен сәтті өтіп, республикалық кезеңге жолдама алды

2023-2024 оқу жылы “Алтын сақа” республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 3 “Ә” сынып оқушысы Оринкулов Бегзат және пән мұғалімі Пайыз Гүлімжауһар III дәрежелі дипломмен марапатталды

“САМҰРЫҚ” математикалық зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері
2024-2025 оқу жылы

,,Алтын ұрпақ” олимпиадасының жүлдегерлері

Әбіш оқулары – 2024 жыл
Облыстық деңгейден 2-орын

Ауыл олимпиадасы-2024 жылы
10 сынып оқушысы Серік Қасиет Бауыржанқызы
Облыстық кезеңнен 2-орын алды.

Қ.Бітібаева атындағы пән олимпиадасынан облыстық кезеңінен 3-орын.
Жетекшісі: Ж.Қасымбекова

Пәндік олимпиада бойынша 11 сынып оқушысы облыстық кезеңінде ,, Алғыс хат”
Жетекшісі:Ж.Қасымбекова

Махамбет оқулары-2024 жылы
Облыстық кезеңінде ,,Алғыс хат”
Рысмухамед Жанерке 10 сынып оқушысы

Республикалық “Altyn Tulek” олимпиадасының республикалық кезеңінің ІІ ші дәрежелі диплом иегері Өтелхан Бахтияр
Жетекшісі: Ахметова Улсерик

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6сынып оқушыларына арналған республикалық олимпияданың,жаратылыстану пәні бойынша аудандық және облыстық кезеңінің 1-орын жүлдегері 5- сынып оқушысы Нарова Дильбар. Пән мұғалімі Ниязбекова Шолпан

“Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы”КММ
Өнер фестивалі-2025










Жетістіктер 2022-2023жж. Түймебаева Г
Жетістіктер 2023-2024жж. Түймебаева Г
Жетістіктер 2024-2025жж. Түймебаева Г

“Үздік авторлық бағдарлама-2024” аудандық байқауының жүлдегерлері







,,ТІЛ АЛЫПТАРЫ”ТОБЫ республикалық додада дара шықты.
М.Байзақов атындағы №18 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары тағы бір мәрте білім мен тілге деген сүйіспеншіліктерін дәлелдеп, зор жетістікке қол жеткізді. ANA TILI пәні бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан «Тіл алыптары» тобы ерекше белсенділігімен көзге түсіп, «Белсенділер» номинациясымен марапатталды.
Бұл жеңіс – тіл байлығын ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде білім мен қажырлы еңбектің жемісі екенінің айғағы. Олимпиада барысында оқушылар тек білімдерін сынап қана қоймай, қазақ тілінің терең мазмұны мен көркемдігін ашып көрсетуге тырысты.
Топ жетекшісі – Қасымбекова Жадыра Сапарханқызы. Ұстаздың тынымсыз еңбегі мен оқушыларына деген сенімі, бағыт-бағдары оқушыларды алға жетелеп, осындай биік деңгейге көтерді. Қасымбекова Жадыра Сапарханқызы шәкірттеріне сапалы білім беріп қана қоймай, оларды тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып келеді.
«Тіл алыптары» тобының бұл жетістігі – мектеп мақтанышы ғана емес, ел ертеңі болатын жас ұрпақтың тілге деген құрметін айғақтайтын тамаша үлгі. Алда бұл топтан да үлкен жетістіктер күтетініміз анық.
Дайындаған, ДБОЖО Ж.Мекенбаева

2024-2025 оқу жылында “Мың бала” республикалық олимпиадасында “М.Байзақов атындағы жалпы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6-сынып оқушысы Нәлтаева Көркем өзінің үздік білімі,зеректік және табандылығымен дараланған оқушымыз.Осы олимпиадада жеңіске жетіп ,үлкен жетістікке қол жеткізді.
Бұл жеңіс- оның талмай ізденіп,еңбекпен алған білімінің нәтижесі .
“Мың бала” – дарынды ұл-қыздары арасындағы әділ жарыс алаңы.Сол мыңның ішінен суырылып шыққан оқушымыз -Көркем еліміздің болашағына сенім ұялататын жарық жұлдыз !
Жеңіс құтты болсын! Білімнің шыңына қарай нық қадам баса бер! Алда биік белестер,жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр!
Сен біздің мақтанышымызсың!